Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу бекетін жабады

0

2021 жылдың 21-23 наурызы аралығында Қытаймен шекарадағы «Нұр жолы» өткізу бекеті жұмысын тоқтатады.

Бұл шектеу Қазақстанда Наурыз мейрамын атап өтумен байланысты.

«Бұл күндері адамдар, көліктер мен жүктер өткізілмейді», — делінген Қаржы министрлігі таратқан хабарламада.

Осы орайда министрлік шекарадан өтпек болып отырғандардан шектеуді ескеріп өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Еске салсақ, «Нұр жолы» өткізу бекеті Алматы облысында 2018 жылы қыркүйекте ашылды. Ол Қытаймен шекарадан үлкен жүк көліктері және жеңіл автокөліктермен, сондай-ақ жолаушылар автобустарымен өтуге арналған.