Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өту жеңілдейді – Тоқаев заңға қол қойды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/1227/03/12270325.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/politics/20191212/12280678/Kazakhstan-Kyrgyzstan-shekarasy.html

Жыл сайын екі мемлекет шекарасындағы өткізу бекеттері арқылы 11 миллионға жуық адам мен 466 мың көлік өтеді екен

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттері туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғыз Республикасының үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Тағы оқыңыз: Әнші, жазушы және шопан: Тоқаев Ақордада кімдерді марапаттады

Бұған қоса, президент «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Екі заңның да мәтіні баспасөзде жарияланады.



sputniknews.kz