Бундестагта Ангела Меркельдің «капитуляциясы» туралы мәлімдеді

0
19

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Бундестагтағы «Германия үшін альтернатива» фракциясының энергетика мәселелері жөніндегі ресми өкілі Штеффен Котре осындай пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. «Солтүстік ағын – 2» газ құбыры айналасындағы жағдайға байланысты Германия үкіметі АҚШ-тың айтқанына көніп, «капитуляция» жасауға мәжбүр болды. РИА Новости ақпарат агенттігіне сұхбат берген бундестагтағы «Германия үшін альтернатива» фракциясының энергетика мәселелері жөніндегі ресми өкілі Штеффен Котре осындай пікір білдірді.

Депутаттың айтуынша, «Солтүстік ағын – 2» газ құбыры Германияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Сол себепті Ангела Меркельдің үкіметі оны тоқтатуға қатысты кез келген әрекетке тосқауыл қоюы тиіс. Алайда АҚШ-тың шабуылынан кейін олай болған жоқ.

«2018 жылы Меркель ханым «Солтүстік ағын – 2″ газ құбырының таза Германия мен Ресей арасындағы экономикалық жоба екенін және оған Еуропалық одақ заңнамасының таралмайтынын жеткізген. Енді, АҚШ оны өздері тұрақсыздық орнатқан Украина мәселесімен байланыстырып қойды. Федералды үкімет Американың қысым жасауымен осы экономикалық шабуылға көніп, капитуляция жасады», – деді Котре.

Оның сөзіне қарағанда, Меркельдің үкіметі Германия мүддесін қорғауға қауқарсыз. Ал Украина тұрақтылығын басқа экономикалық жобалармен байланыстыруға болмайды.

«Солтүстік ағын – 2»

Бұл жоба аясында газ құбырының екі желісін тарту жоспарланған. Ол арқылы жылына 55 миллиард куб метр газды Ресейден Балтық теңізі арқылы Германияға тасымалдауға болады. Жоба құрылысы 2019 жылда аяқталады деген жоспар бар. Газ құбыры аумақтық сулар немесе Ресей, Финляндия, Швеция, Дания мен Германияның экономикалық аймақтары арқылы өтеді.

Украина «Солтүстік ағын – 2»-ге қарсы. Себебі ресейлік газ транзитінен түсетін пайда азаяды. Оған Польша, Латвия мен Литва сияқты бірқатар Еуропа елдері де келіспей отыр. Ал АҚШ Еуропаға сұйытылған табиғи газды тасымалдауға мүдделі. Америка оны «саяси жоба» деп атады. Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне залал келтіреді дейді.

Ресей болса, «Солтүстік ағын – 2» газ құбырының таза коммерциялық жоба екенін талай рет айтқан. Оны іске қосқанда Украина арқылы ресейлік газдың транзиті тоқтатылмайды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз