Қазақстан құлаған «Союзға» қаржы сұрайды

0

Ескерте кетейік, үстіміздегі жылдың 11 қазанында «Байқоңырдан» ұшырылған «Союз» ракетасы ұшар сәтте апатқа ұшырағаны белгілі. Оның бортында америкалық Ник Хейг, ресейлік ғарышкер Николай Овчинин болғаны белгілі. Апат орын алған кезінде олар құтқару капсулы арқылы жерге қонып, өздерін аман сақтап қалды. Енді міне тексеру комиссиясы құрылып, барлық жағдай сарапқа салынуда.

Бірақ апатты оқиға аймаққа қаншалықты зиян келтірді, мұның барлығы әлі нақтыланған жоқ. Бірақ  Қазақстан тарапы құлаған «Союзға» қаржы сұрап отыр.

Осыған орай құрылған үкіметтік комиссия  қазір мәселенің жай-жапсарын анықтауда. Қазақстан Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин «ракета құлаған аймақ ешқандай зардап  шеккен жоқ» деп мәлімдеді. Алайда, екі тарап жағдайды өздерінше зерттеп жатқанға ұқсайды. Ішкі істер вице-министрі мәлім еткендей, Ресей тарапынан Қазақстан жағы лаботориялық шығындарға кететін қаржыны сұрамақ. Ал ресейліктер ракета — тасығыштың апаттық жағдайына не әсер еткенін зерделемек.

 

«Қамшы» сілтейді