«Қазақстан халқына» қоры: бір күнде 40 млрд теңге түсті
«Қазақстан халқына» қорына түскен қаржының жалпы көлемі 100 миллиардқа жақындады, деп хабарлайды kznews.kz сайты қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 16-28 қаңтар аралығында қор шотына барлығы 93,3 миллиард теңге аударылды. Ал өткен жұма күні бірден 40,8 миллиард түскен. Атап айтқанда:
- «ERG КӨМЕК» корпоративті қоры – 30 миллиард теңге;
- «Халық» қайырымдылық қоры — 10 миллиард теңге;
- Диас Төлеутайұлы Сүлейменов – 450 миллион теңге;
- «Банк Центр Кредит» АҚ — 200 миллион теңге;
- «Көліктік сервис орталығы» АҚ — 150 миллион теңге.
«Қор басшылығы қаражаттың қайда жұмсалғанын ашық көрсетіп, есеп беретінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бөлінеді», — делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Негізгі мақсаты – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу.
Қордың реквизиттері:
— «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;
— «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, «Kaspi Bank» АҚ;
— «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ0896503F0010863168 KZT, «ForteBank» АҚ;
— «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ34821AGLBY10000001 KZT, «Bank RBK» АҚ;
— «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ66998BTB0001436729 KZT, «First Heartland Jusan Bank» АҚ;
— «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ078562203115118091 KZT, «Банк ЦентрКредит» АҚ;
— «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999,Кбе 18, KZ6594805KZT22034070 KZT, «Евразиялық банк» АҚ.