Түркістанда өрттен қойшы көз жұмып, мың бас мал қырылды

0
108

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылында мал ұстайтын екі қабатты ғимарат өртке оранды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Ғимараттың бірінші қабатында ұсақ мал, ал екінші қабатында шөп сақталған.

Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Сонымен қатар оқиға болған жерден қойшының денесі табылды.