«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесіне кімдер кіргені белгілі болды
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің құрамы сайланды, деп хабарлайды KZNEWS.KZ тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Юрий Пя Қамқоршылық кеңестің төрағасы болды.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
- Юрий Пя – «University Medical Center» КҚ басқарма төрағасы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
- Аружан Саин– ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Милосердие» ерікті қоғам» қайырымдылық қорының директоры;
- Бахыт Байғалиева — «Орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің негізін салушысы, төрайымы;
- Саида Тәуекелова — «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ негізін салушысы, жетекшісі;
- Эльмира Әлиева — «Help Today» ҚҚ төрағасы;
- Ләззат Шығысбаева — «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры;
- Владислав Трифонов — «Жизнь без границ» ҚБ;
- Ирина Смирнова — ҚР парламенті мәжілісінің депутаты;
- Роза Сүлейменова «САТР» ЖШС бас директоры;
- Алмаз Ержан — қоғам қайраткері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаушысы;
- Ораз Жандосов — «Ракурс» экономикалық сараптама орталығының директоры, экономист;
- Олжас Құдайбергенов — «Center for strategic initiatives» консалтингтік компаниясының аға серіктесі;
- Арманжан Байтасов — «Tan Media Group» иегері, меценат;
- Қайырбек Сүлейменов — ҰҚП «Атамекен» кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы.
Еске сала кетсек, «Қазақстан халқына» қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылды. Қорға бұрынғы экономика министрі Болат Жәмішев басшылық ететін болады.