“Дикий Арманды” халық патшадай қарсы алды: “Сөз айтсын жігіттер, сөз берейік” (ВИДЕО)

0
4026

«Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев Нұр-сұлтан қаласы сотының санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Видеода ол Алматыдағы митингке келген кезі.

Естеріңізге сала кетейік, Жұмагелдиевтің ұсталғаны 7 қаңтар күні белгілі болды. Оны бес адамнан тұратын қылмыстық тобымен бірге Алматыда арнайы операция барысында ұстады. Ұсталған кезде күдіктілерден төрт жартылай автоматты тапанша, олардың оқ-дәрілері мен брондалған автокөлік тәркіленді.

«Алдын-ала мәліметтер бойынша, ол өткен жылдың желтоқсан айында шетелден келген және 5-6 қаңтарда белгілі оқиғалар кезінде Алматыда болған. Келу мақсаты мен қарудың бар-жоғын жедел — тергеу тобы тексереді», — деді ІІМ-де.