Қазақстан чемпионы кәсіби рингтегі алғашқы кездесуінде айшықты жеңіске жетті
Қысқа сілтеме алу
«Astana Arlans» командасының бұрынғы боксшысы Сапарбай Айдаров кәсіпқой бокстағы карьерасын бастады
АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. 75 килограмм салмақ дәрежесіндегі Қазақстан чемпионы, бұрын «Astana Arlans» құрамында болған боксшы Сапарбай Айдаров кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде Үндістан боксшысы Харш Пурохитпен (0-1) жұдырықтасты. Кездесу барысында Айдаров Пурохитті екі рет нокдаунға түсіріп, төртінші раундта жойқын соққысымен тағы да құлатты – бұл жолы төреші жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеген. Сөйтіп, қазақстандық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Екі нокдаун мен нокауттың видеодан боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жанкүйерлерімен бөлісті.
Айдаров кәсіпқой бокстағы жолын супер орташа салмақта бастаған екен. Boxrec.com сайтының мәліметі бойынша, бұл дәрежеде тағы бес қазақстандық жұдырықтасады: Диас Тастеміров, Дәурен Елеусінов, Арман Рысбек, Нұрзат Сабыров және Айдос Ербосынұлы.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/