«Бастауышым-балбұлағым» атты бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігі

0









«Бастауышым-балбұлағым» атты бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігі

Автор: Кожабаева Мадина Карибайкызы

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-04


Материал туралы қысқаша түсінік

Мұғалімдерге керек сыныптан тыс шара. 4-сынып оқушылары бастауыш сыныппен қоштасу кезіндегі сценарий




Бекітемін:__________________ өтетін күні: 23.05.2017ж Тақырыбы: «Бастауышым — балбұлағым» бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігі Мұғалімнің сөзі: Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат. Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, — дегендей, бұл да бір қуанышты күн. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймын. Оқушыларды кезекпен кезек ортаға шақырамын 1. Ағыбай Алдияр 9. Болатов Данияр 2. Айтмұқанбетова Қызғалдақ 10. Жадырасынова Назым 3.Алдамбергенова Камшат 11. Жарылқасын Аяжан 4. Амандық Құдірет 12. Жәнібекова Жансая 5.Әбдікер Дамир 13. Кәрібаев Қуаныш 6.Әбдіқапаров Нұрқат 14. Қуанышұлы Қуандық 7.Бағдат Айым 15. Сағындықов Нұртілеу 8.Бақытжанұлы Дамир -Міне, асыға күткен мереке – қоштасу күні де келіп жетті. Тәй-тәй басқан бүлдіршіндер бүгінде үлкен жолға қадам басқалы отырсыздар. Сіздердің жәудіреген жанарларыңызбен сәбилік ақ жүрекпен күлген күлкілеріңіздің бәрі де – мына отырған ұстаздардың жүрегінде. Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Жанаргүл Қуанышқызына беріледі. —————————————————————————————————————————-Әлішер: Армысыздар жас достар Болашаққа жол бастар. Гүлзат: Білім деген ғажаптың Келешегі қазақтың Басталады сендерден, — дей келе сөзді бүгінгі қуаныш иелеріне бергім келіп отыр. Бұл балдырғандар өздерінің ұстазға, мектепке деген жыр толғауларын арнамақ. Данияр: Мектеп,мектеп,-ашық жарқын көңілім, Қуандық: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным Мектеп, мектеп- шаттық толы өмірім. Өз қолыммен «Әліппені» алғаным. Мектеп, мектеп- әнім болып төгілдің, Санай ашып «Әліппенің» парағын Мектеп, мектеп, жан анам боп көріндің. Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.Алдияр: Мектебім-білім берер алтын ұям Б.Дамир: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Айқара есік ашып тастағаны Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай Бір мереке думан боп осы маңда Әрқашан қасиетті атың маған. Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны. Арада өтсе дағы дүркіреп жыл, 4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті?!, Әр күні балалықтай бір жүрек бұл. Ұстаз ана жасады мына бізден, Өзіңе борыштармын өмір бойы, Ел таңғалар азамат бір-бір мықты. Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.Құдірет: Бастауышым – балқұрағым, Лаулап жансын шам-шырағың. Өзің берген біліміңмен Самғап ұшты тау қыраным. Өтті сенде қызық шағым, Бастауышым – балбұлағым. Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғаймын.Айым: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Назым: Сол арқылы сен де өмірді жалғадың, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегің, Мақтау алсаң ұстаздардың алдында Сенде одан адам болып жаралдың. Ол өзіңнің орындалған арманың. Ұстазыңды түсіңсен сен тереңнен, Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Бар әлемге еңбегімен еленген. Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Сенің бағың өрге қарай өрлесе, Ұстаз деген ұлылардың ұлысы, ол да бірге қуанышқа кенелген. Қасиетіне бас иемін мәңгілік!Нұрқат: Үйретіп бізге алғаш әліппені, Қуаныш: Бастауышым – балбұлағым, Ұстазым ғылымға жол салып берді. Алдым сенен балдың дәмін. Адамның ой-арманы, мақсаттары, Әріп танып, білім алып, Оқудың сәулесімен жарық көрді. Рахметімді жаудырамын. Өмірге жол бір өзіңнен бастадым, Алфавитті алғаш сенен жаттадым. Ұстаз ана естен кетпес мәңгілік, Мейіріммен жаурынымнан қаққанын.Қызғалдақ: Ұлы өмірге жетелеп, Аяжан: Мұғалім – ұстазсың балалардың Ашқан білім есігін. Өмірде сенің алар орыныңды Құрметтейік мәпелеп, Бірі де жеткізе алмас бағалардың. Ұстаздардың есімін. Өткізіп өз алдыңнан талай бала, Келешекке алтын бақ, Бойына құйдың ақыл, ой мен сана Қосар таудай үлесін. Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді Жасай берсін жарқылдап, Ақылшы, тәрбиеші болдың дана. Ұстаз атты ұлы есім.Ә.Дамир: Жүзің жылы, құшағың кең Нұртілеу: Білімнің қайнар бұлағы, Сенен түлеп ұшамын мен. Өнердің жарық шырағы Өзің берген біліміңмен Тұрағы өзің, мектебім. Биіктерге шығамын мен. Шәкірттің асыл қырағы. Ақылшы асыл ұстазым, Мектебім – мәңгі бапкерім, Өзіңе мен де ұқсармын. Қарызбыз саған бәріміз. Жеткенше қайрат күш-әлім Өзіңе деген парызды, Биікке самғап ұшармын. Ақтаймыз талай әлі біз.Жансая: Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты, Камшат: Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім, Ол болмаса, кім береді парасатты Айқара аштың бізге білім есігін. Асылын беріп шәкірт бойларына, Өр тұлғаңды балап шыңға, ұстазым. Ағартқан сол үшін де қара шашты. Мен өзіне тәнті болсам, несі мін?! Ұстазға әркім басын ию керек. Бала едің болашағы болғанда, Кемеңгер, ақылшым деп білу керек. Зор пайданы тигізесің қоғамға Сен бүгін керемет боп кетсең дағы, Мамандығың – кәсіптердің абзалы, Жеткізген сол ұстаз деп білу керек. Адамдығың қымбат бізге одан да. Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын, Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын. Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз, Шәкіртінің биікке шыққандарын.Гүлзат: Керемет, керемет! Неткен жыр толғаулары. Рахмет сіздерге балалар!Әлішер: Қоштасу тойын бастайық, Ән мен биге басайық. Өнерімізді көрсетіп, Құрметіне бұл тойдың. Ән мен шашу шашайық.Гүлзат: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де, Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де. Төрлетіңіз қадірменді конақтар, Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен. Шаттанамын мен бүгін шаттанамын, Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын. Осы сырды үйреткен бастауышым, Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.Би: «Джентельмен» Гүлзат: Білімнің қайнар бұлағы. Өнердің жарық шырағы. Тұрағы өзің, мектебім. Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма? Мектебімде айтылмаған сыр бар ма? Мектебімде алаулаған жас жалын. Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға, дей келе Айымды «Мектебім» әнімен ортаға шақырамыз.Әлішер: Өтті оқу, сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достасып, Бастауышпен қоштаспақГүлзат: Қош бол, құтты Бастауыш! Алғыстарым көп менің. Ақыл — білім, тәрбиең, Ой-санама еккенің. «Урал собирает друзей» байқауының І дәрежелі дипломанты, «Золотой Микрофон- 2017» ІІ Республикалық байқауының І дәрежелі диплом иегері Ағыбай Алдиярды «——————» күйімен ортамызға шақырамыз.Әлішер: Айдында аққудай сылаңдаған Біреулер күй, біреулер жыр арнағанГүлзат: Шықсын енді ортаға биші қыздар Тал шыбықтай иіліп мың бұралған, — дей келе ару қыздарымызды өзбектің әсем биімен ортаға шақырамыз. Әлішер: Гүлзат, осы дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім екенің білесің бе?

Гүлзат: Әрине білемін. Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады. Олай болса, келесі кезекті тамаша әнге берейік. Өздерінің ұстазға деген сый-құрметін ән арқылы жеткізгісі келіп отырған балалар бар. Кім екенін сіздер білесіздер ме? Ендеше ортаға «Ұстазым» әнімен Нұрқат пен Қуандықты шақырайық. Қошымет көрсетіп отырыңыздар!Би: «Калинка- малинка» Гүлзат: — Әлішер сен қалай ойлайсың? Біздің осындай дәрежеде тұруымыз кімнің арқасы деп ойлайсың?Әлішер: -Гүлзат соны да білмедің бе ? әрине ол мына біздің ата-аналарымздың арқасы. Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.Гүлзат: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді арнайы сіздерге жолдаймыз. Бақытжанұлы Дамирді «Әке-ана» әнімен ортаға шақырайық. Қошымет көрсетіп отырайық. Осындай өнерлі балаларыңызға.Әлішер: О, Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, күш құдыреті қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.Гүлзат: «Жақсы мұғалім — мектептің жүрегі» — деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Осымен «Бастауышым — балбұлағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.