Қазақстан аруы 2019: финал, үміткерлер, фото

0

Сұлу, жас, көрікті … «Қазақстан аруы 2019» байқауының үміткерлері кім? Sputnik фотолентасынан олардың жасы, бойы мен туған қаласы туралы ақпаратпен таныса аласыздар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Қазақстан аруы-2019» байқауының ақтық сыны 2 мамыр күні Нұр-Сұлтанда өтеді. Қаланың сол жағалауындағы Nomad city hall сахнасында сұлулардың сұлуы анықталады.  

Әлемнің ең әдемі әрі ең бай модельдері — фото 

Биыл сұлулық байқауы тың форматта өтпек. «Әлем аруы» жаһандық байқауының тәжірибесі ескеріледі.

«Соңғы жиырма жылда «Әлем аруы» байқауын ұйымдастырған елге көптеген турист келгенін көріп отырмыз. Бұл — байқаудың арқасында мемлекетте экономикалық өсім болады деген сөз», — деді ұйымдастырушылар.

Павлодарлық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды

Биыл «Қазақстан аруы-2019» байқауы аясында үміткерлердің қатысуымен шағын фильм сериялары түсірілді. Аймақтық байқау жеңімпаздары өз шаһарларының туристік әлеуеті туралы баяндады.

Мысалы, Петропавл аруы тарихы тереңде жатқан көне Ботай мәдениеті жайлы айтады. Ал Қарағанды аруы Кент Таулары, ақтаулық сұлу Торыш тастар алқабы мен Қарынжарық  ойпаты, Тараз аруы Ақсу-Жабағалы ұлттық қорығы туралы қызықты мәліметтермен бөліскен.

Қазақстан аруына 73 млн теңге бөлінді — Kazakh tourism жұрттың сынына жауап берді

«Қыздар өз өңірлерінің әсем табиғаты мен көрікті жерлері туралы ерекше мақтанышпен айтады. Мұндай табиғи және археологиялық ескерткіштермен танысу үшін Қазақстанға туристер мен саяхатшыларды шақырады», — деді ұйымдастырушылар.

«Әлем аруы» және  «Дүниежүзі аруы» байқауларында да Қазақстанның киелі жерлері мен ерекше табиғаты түсірілген жаңа форматтағы бейне роликтер көрсетілетін болады.



sputniknews.kz