Қазақстан Англияда өткен сотта жеңіске жетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Ұлттық банк активтерінің мәселелері бойынша Англияның жоғарғы сотында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сот

Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Ұлттық Банкі Bank of New York Mellon (BNYM) лондондық филиалында орналасқан жарты миллиард доллардан астам Ұлттық банктің ақшалай қаражатына тыйым салу үшін әрекеттер жасаған екі молдавандық бизнесмендерді – Анатол және Габриэл Статиді тағы да бір жеңіліске ұшыратты», — деді әділет министрлігінің баспасөз қызметінде.

2017 жылдың қазан айында Стати тарабы бельгиялық соттардан BNYM-ге жолданған атқару бұйрығын алды. Соның негізінде BNYM 22 млрд АҚШ долларын құрайтын Ұлттық банк шоттарына тыйым салды. Әділет министрлігі мен Ұлттық банк тыйым салынған қаражат сомасын 530 млн АҚШ долларына дейін төмендетті. 2018 жылдың 25 мамырында бельгиялық сот дауды шешу үшін Англияның сотына сілтеме жасады. Ағылшын соты бұл мәселені төрткүндік сот процесінде қарап, 2020 жылғы 22 сәуірде шешім шығарды.

«Стати заңгерлері ағылшын сотына 530 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі ақша қаражаты Қазақстан Республикасы алдындағы BNYM берешегін құрап, бельгиялық тыйым салуды қолданудың аясына кіреді деп хабарлады. Судья Тир олардың дәлелдерін қабылдамай тастап, мынадай шешім қабылдады: (i) Қазақстан Республикасы BNYM мен Ұлттық банк арасындағы жаһандық депозитарлық келісімнің тарабы болып табылмайды, (ii) жаһандық депозитарлық келісім бойынша BNYM міндеттемелері тек қана Ұлттық банкке тиесілі (Қазақстан Республикасына емес), (iii) жаһандық депозитарлық келісімге сәйкес BNYM-нің Қазақстан Республикасына ақшалай қаражатты төлеу бойынша міндеттемелері жоқ, (iv) Қазақстан Республикасының жаһандық депозитарлық келісімге сәйкес BNYM депозиттеріндегі ақша қаражатына қатысты BNYM-ге қандай да бір талап қою құқығы жоқ», — деді министрлікте.

«»Англияның Жоғарғы Соты тағы да Статиге қарсы шешім шығарды. Үш жыл бұрын бұл сот төрелік шешім Стати тарапынан алаяқтық жолмен алынды деп ойлауға жеткілікті дәлел бар екенін анықтады. Қазір сот олар бөгде заңды тұлғаның активтеріне тыйым салды деп қаулы етті. Біз бұрынғыдай Стати алаяқтығына қарсы күрес үшін барлық қажетті шараларды олар таңдаған әрбір юрисдикцияда қабылдауға дайынбыз», — деді ҚР-ның әділет министрі Марат Бекетаев.

Бұл сот шешімі — Қазақстанға қарсы 530 млн долларға төрелік шешімді орындау бойынша Статидің көп жылдық талпынысында соңғысы.

«Қазақстанның Әділет министрлігі төрелік шешім Стати тарапынан алаяқтық жолмен алынғандықтан, оның орындалуына қарсы тұруды жалғастыруда. Үш жыл бұрын аталған ағылшын соты төрелік шешім алаяқтық жолмен алынды деп пайымдауға жеткілікті дәлелдемелер бар деген алдын ала қорытындыға келді және бұл істі мәні бойынша қарауға бұйрық берді. Мәні бойынша алаяқтыққа қатысты дәлелдерді қарайтын сот процесін болдырмау үшін Стати тарабы осы істі қарауды тоқтатуды шешіп, Англия аумағында Қазақстанға қатысты атқарушылық іс жүргізуді ешқашан қозғамауға және Республикаға елеулі қаржылық шығындарды өтеу жөнінде міндеттемені мойнына алды. Англиядағы процесті тоқтатудың ресми себебі ретінде Стати тарабы оларда сот талқылауын жалғастыру үшін жеткілікті қаражат болмағанын айтты. Алайда, сол кезде Англиядағы өндірісті тоқтатудың шынайы себебі – Стати тарабы өз алаяқтығының мәні бойынша теріс сот шешімін алу тәуекеліне барғысы келмегенін Англияның Жоғарғы Соты анықтап, қабылдаған жоқ. Қазіргі уақытта сот талқылауын қаржыландыру Стати тарабы үшін (және/немесе олардың инвесторлары үшін) мәселе болып табылмайтыны анық сияқты, өйткені, олар Англияда олардың мүдделерін білдіру үшін ірі халықаралық King & Spalding заң фирмасын жалдаған», — деді әділет министрлігінің баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, сот процестері басқа юрисдикцияларда жалғасып жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, өткен жылдың желтоқсанында Брюссельдің апелляциялық соты ҚР әділет министрлігінің жаңа дәлелдемелерді қабылдау туралы өтінішімен келісті, өйткені олар төрелік шешімнің жарамдылығына, яғни Стати тарабымен «талап ету құқығының сапасына» жатады. Бұл дәлелдемелерге Стати мен КПМГ (Стати компанияларының аудиторлары) арасындағы хат алмасулар кіреді. Оған сәйкес, КПМГ Стати компанияларының қаржылық есептері бойынша өзінің барлық аудиторлық қорытындыларын қайтарып алып, оларға сенім артудың қажеті жоқ екенін мәлімдейді. Бұл қадам Стати жасырын түрде басқаратын және бақылайтын компания арқылы жалған инвестициялардың сомасын мақсатты түрде арттырғанын көрсететін дәлелдемелерден туындады. КПМГ аудит жасаған қаржылық есептер аталған фактілерді көрсетпейді. Осы қаржылық есептер мен аудиторлық қорытындылар төрелік процесте Стати тарабымен және трибуналмен қолданылған болатын.

stan.kz