Қазақша өлең: 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні (Мәриям Хакімжанова | Тула жүрек)

    0
    289

    Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Мәриям Хакімжанова | Тула жүрек) казакша Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Мәриям Хакімжанова | Тула жүрек) на казахском языке

    Тула-тула,
    Тула
    бүгін,
    Тула бүгін!
    Жүрегім!
    Тула, жарыл,
    Өмір бойы,
    Осы емес пе ед —
    Тілегің?!
    Күні кеше,
    Күңдік пенен —
    Кайғы орнына
    Кан толса,-
    Бесігіне,
    Бөлен бүгін
    Жүрегім!
    Міне бүгін,
    — Жүрегімді,
    Тербетеді
    — Жібекжел.
    Жібек желдің
    Тербеуі мен,
    Жүрек сырын,
    Жырлап бер.
    Тексеретін
    Терең қиял,
    Болмаса да,
    Білімің,
    Тоңды емес
    Орамалды,
    Жолға деген,
    Сыйлай бер.
    Мың-миллион,
    Мың-миллион,
    Қызыл тулы
    Ерлерім.
    Еріксізден
    Өмір бойы,
    Езілу мен
    Еңіредің…
    Сол өмірдің.
    Сор — өмірдің,
    Керегесін қиратып,
    Мың — миллион,
    Өндірістің,
    Құшағънда
    Еңбегің.
    Қайна
    -қайна,
    Қайна бүгін,
    Қайна жігер
    Тасқында!
    Тасқындасаң
    Еңбек өнер,
    Еңбек туы,
    Астыңда.
    Ошақ бұты,
    Оттың басы,
    Бөгемейді
    Қолыңды,
    Олай болса,
    Еңбекші әйел,
    Түс майданға
    Жасқанба!
    Жатпа — тұрма,
    Жалқауланба,
    Екпініңе
    Екпін қос!
    Бес жылдықтың
    Екіншісі,
    Тілейді сенен
    Екпін, күш!
    Тула-тула,
    Тула бүгін,
    Тула бүгін
    Жүрегім.
    Тасқыңдаған,
    Тасты жарған,
    Қайна бүгін
    Жігерім.
    Партия мен,
    Үкіметтің,
    Нұсқауларын
    Орыңдап.
    Іс жүзінде,
    Тап жауына.
    Талмай жауап
    Беремін!