Қазаққа еңбегі сіңген жалғыз Премьер-Министр
Қалған 11 Премьер Назарбаевтың «қуыршақ – қолбаласы» болғаны тарихи шындық.
Тәуелсіздік жылдары болған 11 Премьер-министрдің қазақ халқына айтарлықтай еңбегі сіңгені, реттік саны 3-ші Премьер 42 жастағы Әкежан Қажыгелдин болды. Сол ұлтына сіңірген еңбегінің бір мысалы: Қараманов пен Терещенко былықтырып кеткен экономиканы түзеп, 1994-1997жж. елді тығырықтан алып шыққандығына ешкім дау айта алмас.
Қазақстанның Теңіз және басқа мұнай кеніштерінен Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск қаласына дейін шикі мұнай тасымалдау үшін мұнай құбырын салу мақсатымен, Әкежан АҚШ-қа барып, сол кездегі вице-президент Альберт Гормен келіссөз жүргізіп, мұнай өнімдерін тасымалдаудың тиімді жолдарын ұсынып, А.Гор арқылы Ресей Премьері Виктор Степанович Черномырдинге шығып өзара келісу арқылы Новороссийск портына дейін жететін Каспий мұнай құбыры консорциумын (КТК) іске қосылатын болды. Каспий құбыр желісі консорциумы– құбыр төсейтін халықаралық ірі кәсіпорын.
1996 жылы желтоқсанда консорциумның құрылымын өзгерту туралы келісімге қол қойылды, ол бойынша консорциум капиталының 50%-ы дүние жүзінің мұнай өндіруші алғашқы он ірі компаниясының құрамына кіретін халықаралық компаниялардың қолына көшті.
Егер КТК болмағанда елде экономикалық жандану болмаған болар еді. Тіпті қазақ мұнайын шетелге ЭКСПОРТҚА шығару да, болмаушы еді. Осы жобадан кейін Қазақстанға Инвестицияда ағылып келіп жатты.
Құбыр желісі жобасының жалпы құны 4,5 млрд. Мұнай құбырының ұзындығы 1850 км, ең жоғары өткізу қабілеті – жылына 67 млн. т мұнай. Алғашқы кезегінің өткізу қабілеті – жылына 28 млн. т-дан астам. Консорциумның 2001 жылға арналған бюджеті 650 млн. доллар көлемінде болды.
Мұндай тапқырлықты мемлекетшіл – отансүйгіш әрекетті қазақ жұртшылығы ұмытса да ТАРИХ ұмытпайды.
Есенғазы Қуандық, Facebook парақшасынан