«Қазақ халқына қарсы сотты тоқтатыңыз!»: Қоғам белсенділері Тоқаевқа ашық хат жазды

0

АШЫҚ ХАТ

Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев!

Сізге Қазақстан қоғамы өкілдері, зиялы қауымы, патриоттары және жанашыр азаматтары өтініш жазып отыр. Біз, соңғы күндері, Қазақстан патриоттарының Марғұлан Боранбай, Мейрам Қанапия, Данат Намазбай қолдан жасалған айыптаулар негізінде өтіп жатқан сот ісіне наразымыз.

Шовинизмге, сепаратизмге, сыбайлас жемқорлыққа және таныс арқылы ісін шешетіндерге қарсы ойын ашық білдіретін азаматтарымызға арызданушылар мен біліксіз сарапшылар ұлтаралық араздықты қоздырды және экстремизмге жол берді деген желеумен айып тағып отыр. Тергеу өкілдері тек әлеуметтік желідегі лүпілдер мен пікірлерге ғана сүйене отырып, ұйымдасқан топтың құрамындағы экстремизм деген нәтиже шығарды.

Тоқаев мырза, сіз мемлекеттік басылымдарға берген сұхбатыңызда және халыққа жолдаған үндеуіңізде Қазақстанның тәуелсіздігін сақтау және қауіп төнген жағдайда оны қорғауға тиіс екендігімізді сан рет айттыңыз. Дәл қазір қиянатшыл жалақорлардың шағымы бойынша сотталып жатқан белсенді азаматтар да Сіздің айтқан сөздеріңізді айтқан және жазған болатын! Бірақ прокуратура бұл істі қабылдап қана қоймай, оны сотқа дейін жеткізді. Негізі бұл шағымның кімнен түскенін білесіз бе? Мұстафа Шоқайды ашық түрде фашист, Желтоқсан батырларын фашист, бізге достас әрі бауырлас Түркия елі мен оның Президенті Таип Ердоғанды ДАИШ (ИГИЛ) қолдаушысы деп атаған Әлжан Исмағұлов пен бір топ тұлғалардан түскен. Егер біздің құқық қорғау органдарымыз Исмағұлов пен Ко сияқтылардың арызына сүйеніп патриоттарды соттайтын болса, онда неге біз Желтоқсан батырларына ескерткіш қоямыз, Мұстафа Шоқайдың құрметіне көше атын беріп, ескерткіш қоямыз, неге Түркістанды Түркі әлемінің астанасы деп жариялаймыз? Қазақстан патриоттарын соттай отырып, біздің органдар, біз мақтан тұтып құрметтейтін тұлғаларды қорлап, олардың рухын аяққа таптауда және Түркі елдері арасында араздық туғызуда.

Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, біз елде тұрақсыз жағдайдың орын алуына қарсымыз, Сізден Қазақстанның және бүкіл қазақстандық қоғамның патриоттарына қарсы арандатушылықты және масқара сотты тоқтатуды сұраймыз!

ОТКРЫТОЕ ПИСЬМО!

Уважаемый Касым-Жомарт Токаев!

К Вам обращается общественность Казахстана, интеллигенция, патриоты и неравнодушные граждане. В эти дни мы все возмущены судом над патриотами Казахстана Маргуланом Боранбаем, Мейрамом Канапьяновым и Данатом Намазбаем, которых обвиняют по надуманным сфабрикованным делам.

Нашим гражданам, которые открыто высказываются против шовинизма, сепаратизма, коррупции и кумовства, заявители и некомпетентные эксперты приписывают разжигание межнациональной розни и экстремизм. Причём экстремизм в составе организованной группы, такой вывод сделало следствие исключительно из лайков и комментариев в соцсети.

Господин Токаев, вы сами не раз высказывались в интервью государственных изданиям и в обращении к нации, что мы должны беречь независимость Казахстана и защищать в случае угрозы.

Активные граждане, которых сейчас судят по заявлению непорядочных клеветников, говорили и писали тоже самое, что и Вы! Но прокуратура не только приняла дело, но и довела до суда, и от кого же преступило заявление? От некоего Альжана Исмагулова и группы лиц, открыто называющего Мустафу Шокая фашистом, героев Желтоксана фашистами, дружественную и братскую нам Турцию и ее Президента Таипа Эрдогана заявители называют пособником Игила. Если наши правоохранительные органы принимают заявления и судят патриотов от таких, как Исмагулов и Ко, зачем тогда мы ставим памятники героям Желтоксана, называем в честь Мустафы Шокая улицы и памятники, зачем обьявили Туркестан столицей Тюркского мира? Ведь устраивая судилище над патриотами Казахстана, наши органы потакают тем, кто оскверняет и очерняет память тех, кем мы гордимся, и пытается внести раскол между тюркскими странами.

Уважаемый Касым-Жомарт Токаев, мы против дестабилизации страны, просим Вас остановить провокации против патриотов Казахстана и всего казахстанского общества и прекратить позорное судилище!

Серікжан Мәмбеталин, Facebook парақшасынан