«QazaqGaz» ұлттық компаниясының жаңа логотипінің құны неге құпия?

0

Артемия Лебедева ресейлік студиясы QazaqGaz ұлттық компаниясының жаңа логотипінің құнын атауға рұқсат бермеді, — деп жазады Protenge.kz телеграм-арнасы.

Бұл логотип ұлттық компания үшін арнайы әзірленген, алайда ресейлік студияның қызметі өте қымбат тұрады.

Осы сұрақтың жауабын табуға тырысқан protenge сайтының журналистеріне компания басшылығы келісімшартты нұсқап, оның құны үшінші тарапқа айтылмау керегін ескерткен.

«Логотип үшін QazaqGaz ұлттық компаниясы емес, «газ саласының ардагерлер кеңесі» келісімшартқа қол қойған. Сондықтан шарттағы ақпарат құпия болып табылады және оны тек ресейлік студияның келісімімен ашуға болады.
Ал Лебедевтің студиясы оны жария етпеуді талап етіп отыр.

Бір қызығы, QazaqGaz ешқашан қоғамдық бірлестікке ақша жібермегенін айтты. Сонда бұл ардагерлердің өздері ұлттық компанияға жомарт сыйлық жасаған ба?

Негізі ақылға сыймайтын әңгіме, сондықтан арнайы органдар «Самұрық-Қазына», QazaqGaz-ды ашық және мұқият тексеру жүргізу қажет деп санаймыз.

Басты сұрақ: ұлттық компанияның жаңа логотипіне бюджет қаражаты жұмсалды ма, неге газ компаниясының өзі емес, қоғамдық бірлестік неге айналысты және нәтижесінде ресейлік Лебедев студиясы жасаған жаңа лого қанша тұрады?» — деді Protenge.kz телеграм-арнасы.

Фото: Qaztag.kz


Тегтер:Qazaqgaz