Қазақ қызы 24 жасында әлемдегі ірі әскери кемені тізгіндеген
Қытайдың ұшақ таситын əскери кемесiн тізгіндеген Жадыра Қабылқызы бес жылдық әскери міндетін сәтті өтеді, деп kazakcnr.com сайтына сілтеме жасап ЭК хабарлайды.
Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, қазақ қызы Жадыра Қабылқызы Қытайдың Алтай аймағының Жеменей ауданында туған. Ол 2014 жылы Экономика және менеджмент мамандығы бойынша Санжы институтына оқуға түскен. Оқып жүріп, 21 жасында өз қалауымен әскерге сұранған.
Осылайша бала кезінен әскер сапында қызмет етуді мақсат еткен қазақ қызы түрлі сынақтардан сүрінбей өткен. Сөйтіп, Қытай әскери теңіз флотының жауынгерлерінің қатарына қосылып, 24 жасында алып теңізде кеме жүргізген.
Жадыра компьютерлік есептеуге жүйрік. Ол кеменің қозғалыс траекториясын жылдам есептей алады.
Мұндай авианосец əлемнiң санаулы алпауыт елдерiнде ғана бар екен.
Жауынгер қыз құрамында 2000 мыңдай адамы бар, 50-ге жуық ұшақ пен тікұшаққа аэродром болған, қыруар қару-жарақ тиеген Қытай флотының ең айбарлы кемелерінің бірі «Ляонинді» тізгіндеген.
Жадыра Қабылқызы теңіз флотындағы бес жылдық әскери міндетін сәтті өтеп, Шыңжаңға қайтып келіп Санжы институтындағы оқуын жалғастырды,
Сондай-ақ туған жеріне келген Жадыра 2022 жылы Бейжің қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарының волонтерлар тізіміне енген.