Италия футболдан Еуропа чемпионы атанды

0
331

Италия Англияны пенальтимен жеңіп, Еуропаның футбол чемпионы атанды. Негізгі уақыт 1: 1 есебімен аяқталды.

Финал.

Италия – Англия 1:1, 3:2 пенальти

Ойынның 3-минутында есепті әріптесі Киран Триппьердің пасынан кейін ағылшын қорғаушысы Люк Шоу ашты.

Матчтың екінші таймында Италия қорғаушысы Леонардо Бонуччи таразы басын теңестірді.

Осылайша негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын қосалқы екі таймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ.

Ал пенальти сериясында Италияның дәлірек болып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша араға 53 жыл салып, чемпион атанды.

Айта кетерлігі, Италия 1968 жылы Еуропа чемпионы атанса, Англия үшін бұл алғашқы финал.

Еуропа чемпионаты – 2020. Финал.

Италия – Англия 1:1 (0:1, 1:0, 0:0)

Пенальти – 3:2.

Голдар: Бонуччи 67 – Шо 2.

Италия: Д. Доннарумма (Қ), Ди Лоренцо, Кьеллини (К), Верратти (Локателли 96), Жоржиньо, Л. Инсинье (Белотти 91), Эмерсон (Флоренци 118), Кьеза (Бернардески 86), Иммобиле (Берарди 55), Барелла (Кристанте 54), Бонуччи.

Англия: Пикфорд (Қ), Уокер (Санчо 120), Стоунз, Магуайр, Шо, К. Филлипс, Райс (Хендерсон 74, Рашфорд 120), Триппьер (Сака 70), Маунт (Грилиш 99), Стерлинг, Кейн (К).

12 шілде. Лондон. «Уэмбли».