Қазақ-орыс шекарасындағы Көптоғайда не болып жатыр: Ауыл тұрғыны айтып берді

0

Бірнеше күннен бері Атырау облысындағы шекаралық ауылда болып жатқан оқиғалар әлеуметтік желіде желдей есті. Біреулер әскери оқу-жаттығу ойындары кезінде түсірілген видеоны шекаралық ауылдағы жағдай деп фейк ақпарат таратты. Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында шын мәнінде не болып жатыр. Сол ауылдың тұрғыны Ғазизбек Төлеген жазбасына назар аударайық.

«Мен сол ауылдын баласымын. Бұл Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Көптоғай селосы. Ресейдің Астрахань облысымен шекаралас жерде орналасқан. Совет үкіметі кезінде ет- сүт совхозы болып танылған, жері құнарлы, өзені балығына мол өте жасыл елді мекен. Бұл болып жатырған мәселе жан айқай ауыл тұрғындарының!

Фото: Tengrinews.kz

Бізге қарапайым ауыл халқына біреудің жері керек емес! Бұл мәселе көтерілу себебі сол ауыл құрылғалы бері сол жерде тұрып жатқан халықтың көз ашқалы малын жайып шөбін орап, балығын аулап қызығын көріп келген жап-жасыл жеріміз кенеттен темір сыммен қапталып бірнеше Га жерімізден айрылдық. Бұл ауыл тұрғындарына үлкен соққы болды, мал жайылым жері күрт қысқарып ауыл тұрғындары шөбін басқа ауылдардан сатып алып келді.

Ол бір шамамен 5-6 жыл бұрын болған нәрсе, ешқандай халыққа түсіндіру жұмысысыз перед фактом солай қойды, тұрғындар сол кезде де наразылығын білдірді де сол тұрғылықты органдар денгейінде басыла салды. Енді міне кеше ғана ол аз болғандай ( тағы да түк халыққа түсіндірусіз) шекарашылар келіп темір сымын ауыл ішіне кіргізді, кәдімгі үйдің жанына тақады( видео да көрінеді) Бұл енді тұрғындарды қатты ызаландырып отыр. Бұл жан айқай. Біздің өлкеге бір келген адам бұл жерге ғашық болады, табиғаты жасыл, айнала өзен, шабындығы балығы мол.

Осының бәрі сымның арғы бетіне кетіп бара жатқанына журек ауырады. Кім олай шешім қабылдады? Қашан және қалай келісілді? Ешбір тұрғын білмейді, олардың ойын сұрайын деп жатырған адам да жоқ сірә. Не деген ойсыздық мен түсінбедім, мынандай сорақылық пен өз жеріне өз халқына қараған жергілікті басшылықты да түсінбедім. Құлақ асып мәселені парақшаңызға көтергеніңізге көп рахмет! Мәселе оң жағына шешіледі деп сенемін, себебі ақиқат біздің жақта, бізге біреудің жері қажеті жоқ, тек кіндік қаны тамып аунап ойнаған кішкетай кусок төл жерімізге шекара сымы шектеу болмасын деп тілейміз.

Видеода карта көрсетілді ол карта совет кезінен қалған, тіпті сол кезде бекітілген карта өзі дәлел. Түсініп отырмын шекара мәселесі оңай емес, бірақ жерімді беріп қойып қалай отырамыз? Сосын, демаркация кезінде логика қалай болды мен түсінбедім,себебі Ресей жағында шамамен 30 км қашықтықта ешқандай населенный пункт жоқ, бірде бір орыс үйі жоқ! Неге колючий проволканы менің үйімнің іргесіне келіп тақады????!! 30 км жан жоқ аржағы! Малға жайылым алқап жоқ”.

Автор: Атырау облысы, Көптоғай селосы тұрғыны Ғазизбек Төлеген»