Талдықорғандық оқушы Гарвард университетінде грант ұтып алды

0

Талдықорғандық оқушы Гарвард университетінде білім грантының иегері болды. Бұл туралы Хабар 24 арнасы айтты.

Сезім Ертанатов заманауи компьютерлік технологияларды әлемге әйгілі беделді университетте оқығысы келеді.

Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы бірнеше жылдан бері бағдарламалауды жақсы көреді және әртүрлі веб-сайттар жасайды. Грант алу үшін Сезім барлық емтихандарды сәтті тапсырып, өзі туралы эссе жазды. Әлемнің түкпір-түкпірінен 55 мың адам беделді университетте оқуға өтініш білдірді.

Қатал таңдау мен бәсекелестіктің нәтижесінде қазақстандық оқушы 1500 жеңімпаздың қатарына енді.

«Болашақта мақсатым — Гарвард университетін ойдағыдай аяқтау. Ең жақсы, ең құнды тәжірибені алу. Мүмкіндігінше магистратураға түсуді жоспарлап отырмын. Әрине, Қазақстанға ораламын», — деді Талдықорған қаласындағы НЗМ-нің 12-сынып оқушысы Сезім Ертанатов.