Қазақ көбеюі керек – Мұхтар Мағауин

0

Қазақтың саны көбейіп, тез арада 20 млн адамға жетуіміз керек. Бұл туралы Қазақстанның Халық жазушысы, тарихшы, публицист, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым Мұхтар Мағауин айтты.

Журналист Нұрбек Бекеннің жазуынша, АҚШ-та тұратын қазақтар бас қосып, оған белгілі жазушы Мұхтар Мағауин қатысқан.

Алдағы уақытта қазақ мемлекетінің алдындағы ең басты мәселесі сырттағы қазақтарды келтіру болуы керек. Қазақ көбеюі керек. Тез арада 20 млн-ға жетуіміз қажет. Құдайға шүкір, қазір қазақтың саны – 13,5 млн. Алдағы уақытта 20 млн болса, кейін өсіп-өне береді, — деді жазушы.

Еске сала кетсек, бұған дейін шетелдегі ауқатты қазақтардың елге келуі жеңілдейтіні туралы хабарланған еді.