Қазақ ғалымдары дала қырандарының әлемдегі қозғалыс бағытын анықтады (фото)
Ғалымдар дала қырандарының қозғалыс бағыттары жайлы жаңа ақпаратты жерсеріктік таратқыш көмегімен анықтады
2018 жылдан бастап АСБК (Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы) зерттеушілері спутниктік трекерлер арқылы қаршыға тұқымдас жыртқыш құс — дала қырандарының (Aquila nipalensis) қозғалыстарын бақылауда. Бұл құстың әлем популяциясының 85%-ы Қазақстанда ұялайды. Оған қоса, дала қыраны Қазақстанның Қызыл кітабына және Халықаралық IUCN Қызыл тізімінің “Endangered” (жойылу қаупі бар) мәртебесімен енгізілген. Оларды сақтау бағдарламаларының жоқтығынан қырандардың саны күрт төмендеуін жалғастыруда: мысалы, 2005 жылдан 2015 жылға дейін ұя салған жұптардың саны екі есеге жуық қысқарды. Жоғалуға жаһандық қаупі бар осы түрді қалай сақтау керектігін жақсы түсіну үшін, ACБK қызметкерлері Ресейдегі әріптестермен бірге оның мезгілдік қоныс аудару жолдарын толығырақ зерттеуге шешім қабылдады. 2018 жылы Қазақстандағы дала қырандарын таңбалау ТНК Казхром AO (ERG) қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаны ACБK және Қанатты жыртқыштарды зерттеу мен қорғау жұмыстарын жүргізетін Ресейлік желі мен ЖШС “Сибэкоцентр”-мен бірлесіп жүзеге асыруда.
ҚЫРАНДАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕКЕРЛЕР
2018 жылдың жазында мамандар Орталық Қазақстанда мекендейтін дала қыранының бес балапанының қозғалыстарын ұзақ уақыт бақылау мақсатында спутниктік таратқыштармен (трекерлермен) белгіледі. 2018 жылдың күзінде 55-65 күнге толған қырандардың төртеуі оңтүстікке өздерінің алғашқы ұзақ сапарларына аттанды.
Спутниктік таратқыштар кішігірім және жеңіл болып келгендіктен, құстардың қозғалуы мен қалыпты өмір сүруіне кедергі келтірмейді. Бұл кішкентай қара “қоржындар” Гринвич уақыты бойынша таңғы 2-ден түскі 2-ге дейін бір күн ішінде 12 рет қырандардың орналасқан жерлері жайлы ақпараттар жібереді.
Трекерлермен белгілеу құстардың қозғалысы, олардың тоқтайтын орындары, ұя салатын және қыстайтын орындары туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік беретініне қоса, олардың арқасында қандай тіршілік ету ортасы қауіпсіз, ал қандай жағдайларда қауіпсіз орта қамтамасыз ету үшін жұмыс істеу керек екенін анықтауға көмектеседі.
Фото: Игорь Карякин
МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ
Зерттеушілер үш жыл бойы жүргізген бақылауларына сүйенсек, белгілеген қырандардың бір бағытта қозғалуын қалайтындығын көре аламыз. Оған қоса, 2018 жылғы телеметриялық мәліметтер құстардың негізгі көші-қон жолдарын көрсетті. Мәселен, Орталық Қазақстанның қырандары екі негізгі көші-қон жолдарын пайдаланады: Афро-Еуразиялық және Орталық Азия бағыттары. Афро-Еуразиялық ұшу жолы Еуразия аумағы арқылы өтеді — яғни, негізінен Қазақстан және Ресейдің оңтүстігінен Шығыс Африка мен Таяу Шығысқа дейін. Ал Орталық Азия бағыты Арктика мен Сібірден басталып, одан әрі Қазақстан аумағы арқылы Оңтүстік Азияға өтеді. Демек, Африкаға немесе Сауд Арабиясына ұшып бара жатқан үйірлер мен Үндістанға немесе Пәкістанға бет алған үйірлердің екі бағыттағы қиылыстары дәл осы Орталық Қазақстанда орын алады.
2021 жылдың сәуірінде Аман, Сарыгүл және Айна атты төрт қыранның үшеуі қыстақтарынан Қазақстанға оралып үлгерді. Ал Кенжик атты төртінші қыранның қозғалыстарын, өкінішке орай, енді картадан көрмейміз. Кенжик Үндістанның Пешавар қаласында адам қолынан қаза тапты. Одан соңғы сигнал 2021 жылы 24 қаңтарда алынды.
КЕНЖИКТІҢ ТАҒДЫРЫ ТУРАЛЫ
Фото 1: Игорь Карякин / Фото 2: facebook.com/dau.bohra
Кенжик 2020 жылдың 24 желтоқсанда өзінің үшінші қыстауына Үндістанға ұшып келді. Тура бір айдан кейін, 24 қаңтарда құс радардан жоғалып кетті. Бірнеше күннен кейін Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызметкері Дау Лал Бохра Кенжиктің қалдықтарын тапты. Қыран Джуньххуну аймағындағы Бисау маңында бір адамның қолынан зардап шеккен болып шықты. Кенжиктің өліміне шағын мақала арнаған The Times of India газетінің хабарлауынша, құстың қалдықтары ғалымдар 24 қаңтарда сағат 11.08-де хабар алған соңғы орналасқан жерінен табылған. Кенжиктің қанаттары мен қауырсындары шұңқырға лақтырылған. Белгілі ақпараттарға сүйенсек, соңғы бір айда Баварияның калдуше тайпалары осы аймақта тұрған. Сірә, құс осы тайпаның адамдарынан зардап шеккен болар. Құстың өлген жерінде таратқыш табылған жоқ. Үндістандағы соңғы қыстағында Кенжик үш жаста болатын.
ДАЛА ҚЫРАНЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дала қырандары ұя салған жерлерінде, көші-қон мен қыстау кезінде де көптеген қауіп-қатерлерге тап болады. Қазақстанда қырандар жиі электр жеткізу желілерінде (ЭЖЖ) электрмен зақымдану зардабынан өледі. ЭЖЖ учаскелерінің кейбір жерлері ғана құстарды қорғау үшін тиімді құралдармен жабдықталғаны болмаса, желілердің көбісі құстардың демалу, аң аулау және ұя салу үшін пайдалануында үлкен қауіп төндіреді. Ауа-райы құрғақ болған жағдайда, ұялы қалаулар көптеген дала өрттерінен қаза табады. Қазіргі уақытта дала қырандарын ҚР Қызыл кітабына енгізілгеніне қарамастан, бұл түрді сақтаудың ұлттық бағдарламасы жоқ.