Қазақ баспасөзінің көшбасшысы – «Егеменге» жазылыңыз!

0

Бұл газеттен не табуға болады? Газеттен елі­міздің ішкі-сыртқы саясатын, олардың қалай жүргізіліп жатқанын, Президенттің Жолдауы мен оның түсіндірілуін, одан кейін «Рухани жаңғыру» атты әрі саяси, әрі мәдени, әдеби, өміріміздің салаларын халыққа жан-жақты түсіндіретін, таныстыратын рубрикалар таба аламыз. Ол қалай жүріп жатыр, біз руханият жағынан қалай жаңғырып жатырмыз, ол үшін қандай міндеттерді атқарып жатырмыз, шетелдермен байланысымыз қандай дәрежеге жетті, бұрын ол ақсап тұрған мәселе еді, тек қана әншілеріміз барып қайтқаны болмаса, жаппай қазақ әдебиеті мен мәдениетін шетелге таныстыру болып көрмеген еді. Бұл газетте осы мәселе қазір кеңінен насихатталуда. Театр, кино фестивальдары өтіп жатыр. Біздің киноларымыздың шетелдік жеңістері – осылардың бәрі елді қуанта ма? Қуантады! Армандадық па? Армандадық! Қашан болады дедік пе? Дедік! Міне, осы туралы материалдарды газет бетінен оқып тұруға мүмкіндік бар. 

Әдебиет саласы болсын, өнер саласы болсын, экономика саласы болсын, тарих, жеке тұлғалар, бұрын көмескі болып келген тарих беттері – солардың бәрі қазір елге танылуда. Әрине, газет еліміздің жетістігін көбірек айтады, онсыз тағы болмайды. Ылғи сыни материалдар бола берсе, өзімізден өзіміз пұшайман болып кетпейміз бе?! Сондықтан елімізде болып жатқан өзгерістерді, көріністерді, жаңа бағыттарды білу үшін осы газетті ашамыз. Тарихты білгіңіз келсе, «Егеменнің» бетін ашыңыз. Тарихи тұлғалардың өмірімен танысқыңыз келсе, «Егемен» газетін оқыңыз. Әдебиеттің бүгінгі тынысын, ертеңгі болашағына болжамды білгіңіз келсе, осы газетті қолға алып көріңіз. 

Бұл газет – оқырмандарымыздың ең сенім­ді серігі және елімізде ең көп тараған басылым­дардың бірі. Сондықтан өзім қанша жылдан бері осы «Egemen Qazaqstan» газетін оқып келе жатырмын. Газет болған соң әркімнің әртүрлі пікірі бола береді. Соған қарамастан, «Egemen Qazaqstan» еліміздегі баспасөздегі көшбасшы екенін танытып келе жатыр. Сол тұғырынан түспесін! Өмірдің барлық саласын білгілеріңіз келсе, өздеріңіздің сенімді серіктеріңіз – осы «Egemen Qazaqstan» жаздыртып алып, үйде оқыңыздар. Менің айтатыным осы.