«Қазанбас»: Димаш Құдайбергеннің бала кезіндегі суреті елді сүйсінтті (фото)

0

Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасына балалық шағында ата-анасымен түскен отбасылық мұрағаттағы суретін жариялады. Жас әншінің әкесіне қатты ұқсайтынын байқаған желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмаған деп жазады NUR.KZ.

https://www.instagram.com/p/Bp87GyKBQx9/?utm_source=ig_embed

Әлемге аты әйгілі әнші ата-анасымен түскен суретін салып, анықтамасына «Қазанбас» деп жазып қойған.

Бір сағаттың ішінде бұл пост бірнеше мың лайк жинап, табынушылары өздерінің пікірі мен мақтауларын қарша боратты.

«Әкеңе ұқсайсың», «Басы үлкен, миы көп», «Саған бәрі жарасады!!! Сымбатты жігіт! Сені жақсы көреміз, бағалаймыз, мақтан тұтамыз! Әлемді бағындыр!», «Анаң әдемі екен», «Димаш ата-анаң әдемі екен. Өзің де сондайсың», «Қандай тәтті бала! Елжіреп кеттім ғой. Ата-анаң да әдемі екен», «Бала кезде бәрі қазанбас болады», — деген сынды пікірлер қалдырған оның оқырмандары.