қаза тапқан әскерилерді соңғы сапарға шығарып салды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

27 наурызда Қызылорда облысында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Қызылорда облысында қорғаныс министрлігі басшысы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев пен Қарулы күштердің жеке құрамы тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілерді соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды әскери ведомствоның баспасөз қызметі.

«Әскери қызметшілердің қаза болуы – бұл отбасы үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстан армиясы үшін орны толмас қайғы-қасірет», — деп қорғаныс министрі әскерилердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.


©
Foto : Министерство обороны РК

Тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстанның Қарулы күштері қаза болған әскери қызметшілердің туысқандары мен жақындарына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіп, заң бойынша тиесілі бүкіл әлеуметтік кепілдеме және төлемдермен қамтамасыз етеді.

Қоштасу рәсіміне Қарулы күштердің басшылық құрамы мен генералитеті, Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері, әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері қатысты.


©
Foto : Пресс-служба Минобороны Казахстана

Қаза тапқан әскерилермен қоштасу рәсімі

Қорғаныс министрі әскерилердің отбасына қолдау көрсету бір реттік көмекпен шектелмейтінін атап өтті. Ол гарнизон бастықтарына қаза тапқандардың балаларына тәрбие беруге, білім алуға, жұмысқа орналастыруға және жан-жақты демеу болуды тапсырды. Бұдан бөлек, әскери қызметкерлерге мемориал орнату жоспарға алынған.


©
Foto : Пресс-служба Минобороны Казахстана

Қаза тапқан әскерилермен қоштасу рәсімі

Қоштасу рәсімі аяқталған соң әскери қызметшілердің мәйіттері әскери-көлік авиациясы арқылы жерлеу орындарына жеткізілді. Әуе қорғанысы күштері мен жергілікті әскери басқару органдарының қолбасшылығына қаза болғандарды әскери жөн-жоралғыны сақтай отырып жерлеу тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Ақтаудан Шымкентке аттанған Қорғаныс министрлігіне қарасты МИ-8 тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты. Шейіт болғандардың 12-сі Ақтаудағы 30153 әскери бөлімінде қызмет кеткен.



sputniknews.kz