«Құлқынның қамы үшін емес»: Алтынай Жорабаева өзін қыз ұзатып, тұсау кескені үшін сынайтындарға жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0
269

Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқан Алтынай Жорабаеваны бүгінде қыз ұзатып, сәбилердің тұсауын кескені үшын сынайтындар баршылық. Оны әншінің өзі де жасырмайды. Бүгінде 4 қызын жалғыз тәрбиелеп отырған Жорабаева өзін сынайтындарға жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Алтынай Жорабаева

«Негізі ешқандай адам өмірімде келеңсіздік болсын демейді. Ажырасты деген, адам өлтірді деген емес қой. Ертең алдында не күтіп тұрғанын ешкім біле алмайды. Адамның бойынан жақсы нәрсе көру керек деп ойлаймын. Аллаға шүкір, барлық күніме, сәтіме Аллаға шүкір деймін. Бұлттың артынан да күн шығады. Өзімді ең бақытты жан деп санаймын. Төрт қызғалдағымды қасыма ертіп жүріп, барынша тәрбиемді беріп, өсіріп келе жатырмын», — деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Өз сөзінде ол күні кеше Қостанайда екі рәсімді атқарғанын айтты. Десе де өзгенің жақсылығына ортақтасуға дайынмын деген әнші қызды ұзатуға немесе сәбидің тұсауын кесуге өзі сұранбайтынын түсіндірді. Ақ пейілді ағайынның көңілін қайтарсам да ренжиді ғой, дейді Алтынай ханым.

«Кеше Қостанайда екі рәсімді атқаруды нәсіп етті Аллаһым. Мен өзім сұранғандықтан немесе ақы алу үшін, құлқын қамы үшін емес. Адамдар менің бойымдағы аналық махаббат үшін, болмаса басқа да жетістіктеріме деген құрметтерінен қызын ұзатып, тұсауын кес десе, жақсылығына ортақтасуға әрдайым дайынмын. Ешкімнің алдына түсіп, мен ұзатайын, мен тұсау кесейін деген емеспін. Ақ пейілді ағайынның көңілін қайтарсам да ренжиді ғой», — дейді Алтынай Жорабаева.

«Нені ойласақ соған жетеміз ғой, көбелек гүлге, қоңыз күлге баратыны секілді. Жақсы ой — жарым ырыс. Жақсы сөз көркем өмірге жетелеуші күш! Баршаңызға тек жақсылық тіледім. Тағдырына ажырасу жазылса, кім ұзатса да ажырасады», — деп түйіндеді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.



stan.kz