қаза болғандар саны 12 адамға жетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

30 0 0

Бүгін Алматы маңында «Бэк эйр» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, ішінде 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Соңғы мәліметтер бойынша Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың саны 12 адамға жетті. Бұл туралы орталық коммуникациялар орталығында өтіп жатқан шұғыл брифингте ресми өкіл Әлібек Әбділов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Дәл қазіргі уақытта алдын ала мәлімет бойынша мерт болғандар саны 12 адамға дейін өсіп отыр», — деді Әбділов. 

Бүгін таңғы жетіде «Бэк Эйр» әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы Талғар ауданындағы тұрғын үй секторына соғылды. Ұшақ «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша ұшып шыққан. Әуе кемесі екі қабатты ғимаратқа құлады. Өрт шыққан жоқ.

Ұшақта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Президенттің тапсырмасымен премьер-министр басқаратын комиссия құрылды. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына ұшып кетті.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар, медициналық қызметтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жедел байланыс телефондары іске қосылды.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты және апатқа кінәлі тұлғалардың бәрі қатаң жазаланатынын жеткізді.



sputniknews.kz