қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі 

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әкімдік полицейлердің отбасына көңіл айтып, әкімдіктің көмектен тыс қалмайтынын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Алматылық полицейлер Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың отбасыларына пәтер беріледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі онлайн брифинг кезінде қала әкім полицейлердің отбасыларына көңіл айтып, әкімдіктің де көмектен тыс қалмағанын жеткізді. 

«Біз тиісті жұмысты атқардық. Қазір кәсіпкерлердің қолдауымен қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасына екі пәтер бөлініп жатыр. Сондай-ақ, туған-туыстар айтқан мәселелер бойынша тағы қосымша қаржылай көмек көрсетіледі», — деді Сағынтаев бүгінгі онлайн брифингте.

Блок бекеттегі апат

Айта кетейік, 25 мамыр күні таңертең Көксай ауылындағы блок бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей көз жұмды. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында, ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Тағы бір полицей ауыр жараланды. Ол бекеттен әрі-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған. Басынан ауыр жараланған полицейге ота жасалды.

№ 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургы Ерлан Түбелбаев науқастың жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты. Миына компьютерлі томография жасалынды. Науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 



sputniknews.kz