Швеция елеулі экономикалық дағдарысқа тап болды

0

Швеция елеулі экономикалық дағдарысқа тап болды

Швеция коронавирусқа қатаң карантин қабылдаудан бас тартқанына қарамастан, үлкен экономикалық дағдарысқа тап болды, деп жазады Bloomberg.
Елдің статистикалық басқармасының мәліметінше, сәуірде Швециядағы жұмыссыздық 7, 9 %- ға дейін көтерілді. Сонымен бірге, Bloomberg сарапшысы Иоганна Йенссонның айтуынша, егер тауарлар мен қызметтерге сұраныс қалпына келмесе, жұмыссыздық деңгейі 17 % жетуі мүмкін.
Сонымен бірге, Швеция билігі жұмысшыларды жұмыстан босату жұмыс берушілер үшін жеңілдетіліп, бұрынғысына қарағанда арзанырақ болатын заң жобасын қарастыруда. Заң жобасы кәсіподақтар мен оппозицияның наразылығын тудырды.
Оппозициялық партиялардың жетекшілері егер заңға түзетулер қабылданса, олар елдің премьер – министрі Стефан Левенге сенімсіздік туралы дауыс беретіндерін жариялады. Өткен аптада Bloomberg Швецияның Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең нашар экономикалық құлдырау ықтималдығы туралы жазды.
Қаржы министрлігінің басшысы Магдалена Андерссонның айтуынша, Швецияның экономикасын 2020 жылға дейін 7 пайызға төмендейді деп күтүлуде.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ – Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз