Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов жеті жылға сотталды

0

Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов сатқындық пен тыңшылық жасады деген айыппен жеті жылға сотталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Оны Kznews.kz порталы @egovpress телеграмм-арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Еске сала кетейік, Марат Шайхутдиновтың қамауға алынғаны туралы қазақстандық БАҚ наурыз айында республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен қызметінен босатылған кезде хабарлаған еді. Алайда, бұл ақпарат расталмады.

Марат Шайхутдинов 2015 жылы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін республикада қауіпсіздік кеңесі Хатшысының орынбасары Азамат Әбдімомынов қызметінен босатылды, бірақ Шайхутдинов өз қызметін сақтап қалды.

Фото: facebook.com/aiuastana