Қанат Ислам жекпе-жекте жеңіске жетті

0

Қанат Ислам (29-1, 22 КО) кезекті жеңіске жетті, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

38 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы оның құрдасы аргентиналық Хавьер Франсиско Масьель (34-18, 23 КО) болды. Жекпе-жек Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтіп, сегіз раундтан тұрды.

Ислам төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ол үшін бұл кәсіпқойлар арасында 29-жеңіс, ал Марсель мансабында 18-ші рет жеңілді.

Еске салайық, бұл жеңіс Ислам үшін биылғы ақпанда өзінің мансабындағы дебюттік жеңілісінен кейінгі бірінші жеңіс болды.