«Қауіпсіздік белбеуіне тұншыққан»: Екібастұзда полиция қызметкері өлі күйінде табылды — Қазақстан жаңалықтары
Екібастұзда полиция қызметкері өлі табылды, деп хабарлайды тілшісі Stan.kz ақпарат агентігі.
Полиция қызметкерінің қаза болуы туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та пайда болды.
«1 наурыз күні сағат 05.46-да Екібастұз полиция басқармасына Абай көшесі, 158 мекенжайында орналасқан ресейлік есептегі ВАЗ 2115 маркалы автокөлігінің салонында Екібастұз полиция басқармасының ОКП жедел уәкілі, 1993 жылы туған полиция капитаны мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті», — делінген ақпаратта.
Алдын ала болжам бойынша, капитан қауіпсіздік белбеуіне тұншыққан. Оқиға орнына қала прокурорлары, СОГ шықты. Оқиға аумағы қоршалған.
Екібастұз әкімдігі қаза тапқан полицейдің шын мәнінде тәртіп сақшысы екенін растады.
«Қызметкердің өліміне байланысты барлық мән-жай анықталғаннан кейін оның отбасына көмек көрсету мәселесі қаралады», — деп атап өтті Екібастұз әкімдігі.
Сондай-ақ, полиция қызметкерінің қаза тапқанын Павлодар полициясы департаментінде растады.
«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Себептер мен жағдайлар анықталуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне қолданылмайды», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
stan.kz