Қатыгез әке 1 жастағы сәбиіне жантүршігерлік әрекет жасаған

Луга қаласында өз ұлын тұншықтырғысы келген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+.
Life.ru басылымының мәліметінше, әкесі мас күйде болған. Сәбидің алқымынан алып, қинамақ болған.
Соңғы сәтте баланың анасы келіп, жолдасын тоқтатқан. Әйтпесе, не боларын ойлаудың өзі қорқынышты.
Жауыз әкенің үстінен қылмыстық іс қозғалды. 1 жасар баланың жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.