Қатты ыстық, өрт қаупі: бірнеше өңірде ескерту жарияланды

0

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

10-12 тамызда Ақтөбе облыстың оңтүстігінде 35-36 градусқа қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қаласында 10 тамызда найзағай соғады.

10 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Петропавлда 10 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

10 тамызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 40 градус өте қатты ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда күндіз 37 градус қатты ыстық күтіледі.

10 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда 10 тамызда найзағай күтіледі.

10 тамызда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында 10 тамызда найзағай соғады.