Қатерлі ісікке шалдыққан Ұлыбритания каролінің жағдайы қалай?

0

Ұлыбритания королі III Чарльздың бірнеше ай бұрын қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болған еді. Кароль ем-дом шараларынан кейін қоғамдық қызметіне оралуға дайын деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осыдан бірнеше ай бұрын Ұлыбритания каролінің қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды. Артынша кейбір ақпараттық агенттіктер оны қайтыс болды деп жариялаған. Бірақ кейін оның жалған ақпарат екендігі хабарланды. Қазір емделіп жатқан III Чарльз көп ұзамай өз қызметіне кірісуге дайын.

Бұл туралы Букингем сарайының баспасөз қызметі жазды.

 «Осы маңызды кезеңді атап өту үшін король мен патшайым келесі сейсенбіде онкологиялық ауруларды емдеу орталығына барады, онда олар мамандармен және пациенттермен кездеседі. Бұл сапар алдағы апталарда өтетін көптеген мәртебелі сыртқы іс – шаралардың алды болмақ, — деп жазды Букингем сарайының баспасөз қызметі.

Жапон императоры мен императрицасын қабылдайды

Сонымен қатар, маусым айында Үкіметтің өтініші бойынша король мен патшайым мемлекеттік сапармен келетін жапон императоры мен императрицасын қабылдайды.

Тәж киюдің алғашқы мерейтойы қарсаңында корольдік жұп «қиын шақта» әлемнің түкпір-түкпірінен ізгі тілектерін жеткіздерге  ризашылықтарын білдірді.