Қатаң карантинге қарамастан концерт ұйымдастырған Тұрсынбекке кім рұқсат берді?

0

Әлі ешқандай жауап жоқ. Қ. Тоқаев енгізген қатаң карантинге қарамастан концерт ұйымдастырған Тұрсынбекке кім, қалай рұқсат берді?

Бұл сұраққа қайсы мекеме жауап беруі тиіс? Жан-жақтан командалар шақырған. Сахнаға топырлап атып шықты.

Не өзінде, не қатысушыларда, не жюриде отырған адамдарда маска, перчатка жоқ. Басқа өңірлердің барлығында топтасып шара өткізуге тыйым салынған.

Астананың қақ төрінде карантин режимі бұзылды ма? Бұған кім жауап беруі керек? Еще маска тағайық деп ұрандатамыз.

Суреттегі марапатты не үшін алғанын білмедім. Қоғамдағы барлық оқиғаның ақ-қарасын қарапайым халық білуі тиіс. Әшейінде той жасағандарды ойбайлатып айтамыз. Халық қайғыдан қара жамылып отырғанда концерт ұйымдастырудың не керегі бар еді?

Ербол Мәндібек