Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасын Қазақстанға шақырды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президенттің көмекшісі хабарлағандай, бірқатар қытай компаниясы Қазақстанға сапар шегуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға ресми сапармен шақырды. Бұл туралы бүгін президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасын ресми сапармен Қазақстанға шақырды. Нақты мерзімі сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық каналдарымен пысықталады», — деді ол президенттің Қытайға мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Нұртілеуовтің айтуынша, бірқатар қытай компаниясы Қазақстанға сапар шегуді жоспарлап отыр. Үкімет олармен жаңа бағыттарда жұмыс істеуге сөз байласқан.

Бұдан бөлек президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысының алдағы іс-сапарларына тоқталды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді

«Келесі аптада екі өңірге сапар жасайды деп күтілуде. Олар Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары. Одан кейін шетелге сапарлары жоспарланған. Нақтырақ айтсақ, АҚШ-қа. Оның күні мен уақытын қосымша хабарлаймыз», — деді Уәли.

Баспасөз хатшысы 19 қыркүйекте Тоқаевтың ресми ұлықтау рәсімімен кейін жұмысқа кіріскеніне тура 100 күн, ал мемлекет басшысы қызметіне кіріскеніне алты ай толатынын жеткізді.



sputniknews.kz