Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Ресей» матчын тамашалауға келді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қос команда арасындағы матч «Астана Арена» стадионында өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз — Sputnik. Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Ресей» футбол матчын тамашалауға келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстан құрамасының ойынын тамашалауға келді

Футболдан 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы ресейліктермен бақ сынасып жатыр. Матч Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат сегізде басталған.

 


©
Sputnik / Владислав Воднев

Матч Казахстан — Россия. Сборная РК по футболу

Матчқа словениялық Славко Винчич төрелік етеді. Оған Томаж Кланчник, Андраж Ковачич, Раде Обренович есімді төрешілер көмектеседі.

 

Бұдан бұрын қазақстандық футболшылар Шотландия құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, жанкүйелерін бір қуантып тастаған болатын.



sputniknews.kz