Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын құттықтады
Қысқа сілтеме алу
Президент Қазақстан Конституциясы халықтың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың Конституция күнімен құттықтады. Президенттің құттықтау сөзі Ақорда сайтында жарияланған.
«Құрметті отандастар!Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!» – деп бастады құттықтауын мемлекет басшысы.
Тоқаев атап өткендей, Қазақстан халқының заң үстемдігіне, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылысы тарихта айқын көрініс тапқан.
Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халықтың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналады, деп жазлғастырды ол.
Президент келесі жылы Ата заңның 25 жылдығын тойланатынын және осы кезең ішінде елдің басты заңы жасампаздық пен ілгерілеудің кепіліне айналғанын атап өтті.
Тағы оқыңыз: Қазақстан Конституциясы жылдар бойы қалай өзгерді?
«Қазақстан тұтас құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жүйені қалыптастырып, жан-жақты жаңғыру жолына түсті. Тұңғыш президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған Ұлт жоспары мен институционалдық реформалар соның негізін құрайды», — дейді Тоқаев.
Мемлекет басшысы айтқандай, ел билігінің басты мақсаты – экономиканың сапалы өсімін және халықтың әлеуметтік сұраныстарын қамтамасыз етіп, тұрмыс деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттің саяси жүйесін жетілдіру.
«Ата заң азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етіп, елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізе береді. Барлық қазақстандыққа зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!» – деп сөзін аяқтады Тоқаев.
sputniknews.kz