Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен байланысқа шықты

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты BORT N1 телеграмм-арнасына сілтеме жасап.

Талқыланған мәселелер:

  •  Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективалары;
  •  Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді іске асырылу барысы;
  • Сыртқы экономикалық ахуалдың кері әсерін азайтуға бағытталған күш-жігерді үйлестіру мәселесі қарастырырылды.

Сөз соңында Президенттер бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.

(фото BORT N1 телеграмм-каналынан алынды)