Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен байланысқа шықты
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты BORT N1 телеграмм-арнасына сілтеме жасап.
Талқыланған мәселелер:
- Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективалары;
- Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді іске асырылу барысы;
- Сыртқы экономикалық ахуалдың кері әсерін азайтуға бағытталған күш-жігерді үйлестіру мәселесі қарастырырылды.
Сөз соңында Президенттер бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.
(фото BORT N1 телеграмм-каналынан алынды)