Home Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев «оралман» деген сөзден бас тартуға қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев «оралман» деген сөзден бас тартуға қатысты пікір білдірді

0
109

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстанға оралған қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тарту көптен бері қоғамда талқыланып жүр. Бұл сөздің орнына «қандас», «бауырлас» деген ұғымдарды қолдану қажет деген пікір бар

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи отанына оралған қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартуға қатысты пікір білдірді.

«Бұған дейін айтқанымдай, тарихи отанына оралған қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартып, «қандас» терминин пайдаланғанымыз жөн. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» деген ұғым жарасады», – деп жазды президент Twitter парақшасында.

​Айта кетсек, Қазақстанға қайтып оралған қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тарту көптен бері қоғамда талқыланып жүр. Бұл сөздің орнына «қандас», «бауырлас» деген ұғымдарды қолдану қажет деген пікір бар.

Тағы оқыңыз: Тоқаев неге бірнеше маңызды ауыс-түйіс жасағанын түсіндірді

Осы мәселе парламентте де көтерілді. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұқбаттарының бірінде «оралман» деген сөзге қарсы екенін ашық айтқан болатын.



sputniknews.kz