Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инге сый жасады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті Мун Чжэ Инге ерекше сыйлық тарту етті

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті Мун Чжэ Инге сирек құжаттар мен суреттер жиналған тарихи кітапты сыйға тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оңтүстік Корея президентіне сый

Тоқаев Қазақстанның Корея халқының тарихына құрметпен қарайтынын атап өтті.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті Мун Чжэ Инге сирек құжаттар мен суреттер жиналған тарихи кітапты сыйға тартты

«Тарихымыздың тағы бір парағынан сыр шертетін кітапты сыйға бергім келеді. Бұл Қиыр Шығыс корейлерінің Қазақстанға күштеп жер аударылуы туралы көбірек мағлұмат алуға көмектесетін бірегей кітап», — деді президент баспасөзге арналған брифингте.

Президенттің айтуынша, кітапта Сталин кезіндегі тоталитарлық жүйе кезеңінде болған қайғылы оқиғалардың сирек құжаттары мен суреттері топтастырылған.

Қазақстан Оңтүстік Корея батырларының сүйегін еліне қайтарды

«Бұл кітап жиырмасыншы ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы корей халқының тарихын тереңірек ұғынуға үлесін қосады деп үміттенемін», — деді Тоқаев.

Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин сыйлық үшін алғыс айтып, Тоқаевтың қолын қысты.

Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапары

Айта кетсек, Корея республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен 21 сәуір күні Қазақстан астанасына келді. Бұл Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға алғашқы сапары.

Тоқаев Ақордада Корея президентін қарсы алды — фото



sputniknews.kz