Балалар бөлмесі, мүгедектерге арналған сатысы бар: Әмина қажы елімізде үлкен мешіт салып жатыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Бірнеше жетім баланы қамқорлығына алған Әмина қажы Әжібаева үлкен мешіт салып жатыр. Мешітте балаларға арналған бөлме,  мүгедектерге арналған сатылар болады. 

Балалар бөлмесі, мүгедектерге арналған сатысы бар: Әмина қажы елімізде үлкен мешіт салып жатыр

Әмина қажы Әжібаеваның бастамасымен елімізде үлкен мешіт салынып жатыр. 

«Мешітке әйел адамдар келеді. Оларға балалары намаз оқуға кедергі болады. Сондықтан балалар бөлмесін саламыз. Онда мұсылманша кино-ертегі, мультфильмдер көреді. Мұсылман сабағынан беретін мұғалімдер отырады. онымен қатар мүгедек жандарға арналған сатылар жасаймыз. Саты тоқпен істеп, жоғары-төмен жүріп тұрады. Мүмкіндігінше барлық намаз оқушыға жақсы жағдай жасамақпыз. Оқыс жағдай сыртқа шығаратын қосымша есіктерді де ойлап отырмыз», — дейді Әмина әжей.

Балалар бөлмесі, мүгедектерге арналған сатысы бар: Әмина қажы елімізде үлкен мешіт салып жатыр

Мұндай үлкен жұмысты атқаруға үлкен күш, қаражат керек. Сауапты іске қол ұшын созғысы келетіндер болса, мүмкіндігінше көмектесе алады. 

stan.kz