Қасым-Жомарт Тоқаев Анар Жайылғанованы қабылдады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін президенттің кадрлық резерві құрылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Президенттің кадрлық резервін» жасақтаудың негізгі аспектілері жөнінде егжей-тегжейлі баяндады.


©
Официальный сайт Президента РК /

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова

Мемлекет басшысы бұл бастаманы жүзеге асырудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, жалпы іріктеу процесінің барынша ашық болуын қамтамасыз етуді және барлық мүдделі тұлғаның онлайн-платформа арқылы қатысуына жағдай жасауды тапсырды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жастардың ұсынысына қолдау білдірді

Бұған дейін Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан президенті жанындағы жастардың кадрлық резерві бойынша ұлттық комиссия құрылған болатын.

Президенттің кадрлық резерві деген не?

Қазақстанда президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылады.

Айта кетсек, ол келесі лауазымдарға жастарды тағайындауды көздейді:

  • министрлер мен олардың орынбасарлары;
  • облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері;
  • комитет төрағалары;
  • ұлттық холдинг пен компаниялардың басқарма төрағалары мен мүшелері;
  • орталық атқару органдарының жауапты хатшылары;
  • аппарат басшылары.

Президенттің кадрлық резервіне іріктеу қашан басталады

Президенттің кадрлық резерві бірнеше кезеңнен тұрады: оны өткізу туралы хабарландыруды жариялау, кандидаттардың құжаттарын қабылдау, кандидаттардың теориялық білімін тестілеу, кандидаттардың көшбасшылық қасиеті, сын тұрғысынан ойлау деңгейі, стратегиялық көзқарасы, уәждемесі мен құндылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұқбат беру және басқа бағалау құралдары).

Тағы оқыңыз: Тоқаев жастарға үндеу жасады

Бұған дейін президент кадрлық резервтің алғашқы тізіміне жыл соңына дейін 300 адам енетінін айтқан болатын.



sputniknews.kz