Сәкен Қалқаманов Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды

0
84

Сәкен Қалқаманов идеология, білім және мәдениет саласына жауапты болмақ

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз — Sputnik. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Сәкен Қалқаманов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Түркістан облысы әкімінің орынбасары идеология, білім және мәдениет саласына жауапты болады», – делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Нұрпейісов пен Сәпиевті жаңа қызметке тағайындады

Сәкен Қалқаманов туралы не білеміз?

Сәкен Амангелдіұлы Қалқаманов 1980 жылы 30 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2002 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «шет тілін білетін журналист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясында бастап, түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2002 жылы «Астана» телеарнасына ауысып, ал 2005 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру АҚ ақпарат-талдау орталығының баспасөз қызметіне жұмысқа тұрды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Байшолақовты президент әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындады

Әр жылдары «ҚазАгро ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз хатшысы, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы, «КазАгроМаркетинг» ЖШС-нің басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі қызметін атқарған.

Ал 2019 жылдан бастап Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болды.

Қалқаманов 2015 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.



sputniknews.kz