Home Жаңалықтар Қашықтықтан оқыту мектеп оқушыларының білім деңгейі күрт төмендетті

Қашықтықтан оқыту мектеп оқушыларының білім деңгейі күрт төмендетті

0
87

Онлайн оқу оңай емес екен. Қашықтан оқыту кезінде еліміздегі мектеп оқушыларының сабақ үлгерімі нашарлап кеткен. Мысалы, үшінші тоқсан қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысындағы шәкірттердің білім сапасы 59% құлдыраған. Бірақ ұстаздар қауымы тығырықтан шығудың амалын тапқан тәрізді. Олар жазғы демалыс кезінде балаларды лагерьде оқытуды ұсынып отыр. Бұл ұсыныс қазір өтімді болғанымен, қаншалықты өміршең болмақ? Бұл туралы Астана арнасы айтты.

Оралдықтар оқу жылын онлайн өткізген балалар, енді жазғы демалысында да партада отырса, зорығып кетеді деп алаңдаулы. Өйткені каникулдың орны бөлек. Сондықтан оқудан жалықтырып алмау үшін шәкірттердің бірер ай тыныққаны жөн, дейді ата-аналар.

Сәкен МУДАТОВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балаларымыз биыл онсыз да онлайн оқыды. Достарымен байланыс үзілді. Енді жазда да сабақ оқыса, мектептен жалығатыны анық. Жалпы «өздігінен білім алу» деген батыстық ұстаным бізге келмейді. Өйткені қай оқушы да онлайн сынақты оңай тапсырады. Екі сағат отырып, дайындалғанша, жауабын интернеттен қарай салады. Тіпті адам түгілі, маймылдың өзі де оңай құтылудың амалын іздейді ғой. Сондықтан мектептің орны бөлек.

Мұнымен психологтар да келіседі. Олардың сөзінше, оқушылар ғана емес, мұғалімдердің де жағдайын ескеру керек.

Раиса БАЙДАЛИЕВА, ПСИХОЛОГ:

Жаз кезінде де жұмысқа жегілген мұғалімдер жаңа оқу жылына тынықпай, шаршап келеді. Осындай шаршаулы халден олар келер оқу жылында да арылмайды. Шаршаған адам жұмысты өндіріп істемейтіні анық қой. Ал мұның білім сапасына тигізер кесірі орасан. Сондықтан бұл іске басқа қырынан келіп, балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту керек деп ойлаймын.

Білім министрлігі сабақ үлгерімі нашарлаған оқушыларды жазғы демалыс лагерлерінде оқытуды ұсынып отыр. Сала өкілдері мектеп бағдарламасындағы барлық пәндер қамтылатынын және сабақтың мектептегіден де қызықты өтетінін айтып сендірді. Өйткені көп сабақ балаларды жалықтырып алмау үшін практикалық, логикалық ойындар түрінде өткізілмек.

Гүлсім ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА, «ДАРЫН» ҚОСЫМША БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жоғары оқу орындарының мұғалімдері келеді бізге, олармен біздің меморандумымыз бар. Олар тегін келеді бізге. Облыстың шығармашылық топтары бар. Педагог-модератор, педагог-зерттеушілер, сарапшылардан құралған шығармашылық топтар бар. Олар да жазғы ауысым кезінде балаларға келіп, лагерьде осындай жұмыстар жүргізеді. Мүлдем шаршамайды мұнда, ешқандай салмақ түспейді. Мектептегі сияқты 45 минуттық сабақ емес.

Әзірге бұл ұсыныстың қаншалықты өміршең болары беймәлім. Бастама әзірге жоба күйінде ғана. Сала өкілдері оқу жылы аяқталғанша, бұған  қатысты бір шешім қабылданарын айтып отыр.

Е. Карин

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету