Қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқара ма?

0
2818
Advertisement

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари қашықтан оқытуға байланысты педагогтардың жалақысы қысқаратыны туралы ақпаратқа пікір білдірді.

«Әлеуметтік желілерде қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқаратыны туралы шағымдар жазылды. Министр жалақы қысқармайтыны туралы айтқан болатын. Осындай жағдайда мұғалімдер не істеуі керек және бұл қаншалықты заңды?« – деген сұрақ қойды тілші екінші тоқсанның басталуына арналған брифингте.

«ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы айтқандай, жалақы қысқармайды. Нақты жағдай бойынша қарастыру керек. Егер нақты қай мұғалімнің жалақысы қысқарғаны туралы ақпарат болса – біз оны егжей-тегжейлі қарап, сіз айтқан мәселеге қатысты тиісті қорытынды шығарамыз», – деді Рүстем Биғари.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз