Ақынның авторлық кеші үшін бюджеттен 28 млн теңге: Нұр-Сұлтан қаласының тендері халықтың ашуына тиді

0
839
Advertisement

Ақынның авторлық кеші қанша тұрады?

Нұр-Сұлтанда ақын Мақпал Мысаның (Тажмағамбетова) авторлық кешін ұйымдастыруға 28 млн теңге жұмсалған.

Тапсырыс беруші – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы. Келісім-шарт «ARDA production» ЖШС жасалған.

Техникалық ерекшелігінде қызмет мерзімі ақпан-наурыз деп көрсетілген. Ал келісім-шарт 2020 жылдың 3 сәуірінде жасалған.

Техникалық ерекшелігіне сай, өнім берушіге қойылатын талаптар өте көп:

  • дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы мен оның орындалуын қадағалау;
    шараны сапалы, әрі өзіндік ерекше стильде өткізу;
  • көрермендерге арналған, сиымдылығы кем дегенде 500 орын болатын концерт
    залымен қамтамасыз ету;
  • жарнамалық роликтер жасау және оларды әлеуметтік желілер арқылы аңдату;
    Led-экраннан көрсетілетін видеоконтент әзірлеу;
  • режиссерлік-қоюшы топты (сценрист, режиссер, дыбыс режиссері), әкімшілерді, визажистерді, декораторларды тарту және оларға ақы төленуін қамтамасыз ету;
  • шараға қатысушылар мен ұйымдастырушыларды жолақымен (ұшу) , Нұр-Сұлтан
  • қаласының ішіндегі көлік қызметімен қамтамасыз ету;
  • КТС-ға түсіруді қамтамасыз ету;

Шараның республикалық телеарналардың бірінен көрсетілуін қамтамасыз ету және т.б.
Сонымен бірге, техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар да жоғары.

Дереккөз: goszakup.gov.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз