Димаштың Астанадағы концертіне билеттер қашан сатылатыны белгілі болды

0
121
Advertisement

Димаштың «Арнау» концерті «Астана-Арена» стадионында 29 маусымда өтеді

Қазақстандық талантты әнші Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін концертіне билеттер келесі аптада сатыла бастауы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Қарин айтты.

«Қазіргі таңда билеттерді сату бойынша соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Димаштың концертіне билеттер келесі аптада сатыла бастауы мүмкін. Оны алдағы аптада нақты жариялаймыз», – деді төраға.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген Астана күніне орай Qazaqstan телеарнасының шығармашылық ұжымымен бірлесіп, елордада жеке концертін ұйымдастыратыны хабарланған еді. «Арнау» концерті «Астана-Арена» стадионында 29 маусымда өтеді. Димаштың алғашқы «Бастау» концерті Астанада 2017 жылы өткен еді.

sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз